ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

Институционалдық аккредиттеу

18 ақпанда 2019 жылы  Шымкент қаласында Үздіксіз кәсіби даму орталығының бас кеңсесінде «Институционалдық  аккредиттеу аясында қосымша білім беру ұйымының өзін –өзі бағалау бойынша есебін  дайындау» атты оқыту семинары өткізілді. 

            Семинарды  Білім  сапасын қамтамасыздандыру бойынша  тәуелсіз агенттігінің сарапшысы , профессор Б.С.Имашева  өткізді. Алғашқы сөз кезегі ҮКДО –ның директоры Л.Д.Жолымбековаға берілді.  Семинарға қатысу барысында біздің орталықтың мамандары «Медициналық ұйымдарда қосымша білім берудің институциональды аккредитация өткізудің стандарттары мен критерийлері» туралы қажетті ақпаратпен толық қамтамасыздандырылды.

Өткізілген семинарда берілген нақты, маңызды, жүйеленген әрі сапалы құрастырылған білім іс- жүзінде, тәжірибеде қолданылатыны анық.

Көптеген мынадай сұрақтарға жауаптар алынды:

  • Кейс –технологияларын ұтымды қолдану;
  • Медицина саласындағы бағдарлама бойынша оқитын тыңдармандардың білімі мен дағдыларын бағалау;
  • On-line және  Off-line оқытудың талдауы жүргізілді;

                 Өзін –өзі бағалау рәсімі және білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясат түсіндірілді;

                Нәтижесінде арнайы кері байланыс жасалып, барлық қатысушыларға сертификат берілді.