ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

«BLS базалық реанимациясы» семинары

2019 жылдың 9 қыркүйек күні 310 дәрігер мен орта медициналық қызметкерлердің қатысуымен «BLS базалық реанимациясы» тақырыбы бойынша 6-сағаттық семинар өтті.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Осылайша, тыңдаушылар өз білімдерін жинақтап, жүйелендірді, сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуде өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Жүрек-өкпе реанимациясын тәжірибелік оқыту және зардап шегушіге бөгде дененің тыныс алу жолдарына түсуі кезінде көмек көрсету симуляциялық жабдықтарды, фантомдар мен манекендерді қолдану арқылы Қалалық онкологиялық орталық базасында өтті.