ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

Біліктілікті арттыру циклы

2019 жылдың 9 және 14 қыркүйек аралығында Қалалық онкологиялық орталық базасында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер

үшін 54 сағат көлемінде «Шұғыл медициналық көмек алгоритмдері (BLS, ACLS, PALS)» циклы бойынша курстар өтті. Циклді өткізу мақсаты – базалық (BLS), кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (ACLS), педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (PALS) дағдыларына үйрету; әдістемелік көмек көрсету және ауруханаға дейінгі деңгейде және стационарлар жағдайында жедел медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оқытуды Орталықтың білікті оқытушылары жүргізеді.