ТОО «Үздіксіз кәсіби даму орталығы»

Біз туралы

Біз туралы

Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығы дәрігерлер, провизорлар, фармацевтер және орта буын мамандары үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын жүзеге асырады. Оқытуды жоғары білікті мамандар жүргізеді: жоғары санатты дәрігерлер, медицина және фармация ғылымдарының докторлары, PhD докторлары.

Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығы Қазақстан Республикасы медициналық және фармацевтикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлатудың Ережесімен, (ҚР ДМ 2009 ж. 11 қарашасындағы №691 бұйрық), медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасының (ҚР ДМ 2009 ж. 21 қарашасындағы №774 бұйрық), негізінде медициналық қызметкерлердің білімін жетілдіру және қайта даярлауды іске асырады.
1. Қайта даярлау-864-1080 сағат (дәрігерлер үшін) және 540-648 сағат ( орта буын үшін).
2. Біліктілікті жоғарлату – 54сағаттан 216 сағатқа дейін.

Орталық миссиясы

Жоғары сапалы білім мен кәсіби шеберлікті жетілдіруді қамтамасыз ететін медицина кадрларының біліктілігін және қайта даярлауды жүйелі түрде арттыру.

Орталық қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Кадрлардың біліктілігін жүйелі және сапалы арттыру және қайта даярлау;
  • Барлық мамандықтар бойынша бұрын алған кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру;
  • Заманауи инновациялық әдістер бойынша оқыту курстарын өткізу;

ЖШС «Үздіксіз кәсіби дамыту орталығы» жоспарланған тапсырмаларды келесідей жүргізіледі:

  • Тыңдаушыларды медицина мен фармацияны соңғы жаңалықтарымен таныстыру;
  • Жоғары білімді, сондай-ақ медициналық қызметкерге арналған білім деңгейін көтеру;
  • Нақты мамандыққа сұранысқа негізделген тұтынушылық бағдар;
  • Әрбір қатысушының жеке әлеуетін ашып көрсету;
  • Тыңдаушының критикалық ойлау қабілетін дамыту;
  • Тыңдаушының көшбасшылық қасиеттерін анықтау және дамыту, тыңдаушылардың эмиссиялық капиталын түсіндіру және тәрбиелеу;
  • Араңдату жағдайлары туындағанда, тыңдаушылардың стресске тұрақтылық қабілетін жоғарлату;
  • Бұқаралық ақпараттық құралдар тұтынушыларға қызмет сапасы мен жұмысының тиімділігін жүйелі түрде растауға елеулі әсер ету арқылы ұйымның имиджін қалыптастыру.